Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Колледждің үздік студенті» жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік студенттерінің беделін арттыру, дарынды студенттерді қолдау, әлеуметтік белсенділігі жоғары студенттерді ынталандыру, сондай-ақ жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан студент-жастардың абыройын арттыру. Байқауға колледждің күндізгі оқу бөлімінің ІІ, IІІ курстарынан кез келген студент қатыса алады. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады: 1) Бөлімдер бойынша өтініштерді қабылдау; 2) Портфолиоларды іріктеу кезеңі; 3) Колледжішілік онлайн-дауыс беру кезеңі.
Ағымдағы жылдың 10-20 қараша аралығында бірқатар үміткерлерден өтініштер қабылданды. 20 қараша – 5 желтоқсан аралығында қатысушылар өз портфолиоларын әзірлеп, әр бөлімнен үздік бес қатысушы іріктеледі. Желтоқсанның 15-20 аралығында қатысушыларға дауыс беру ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтиже:
- Жоба жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына қатыса алады.
- Колледждің студент-жастарының әлеуметтік, мәдени және ғылыми белсенділігі артады.
- Студенттердің колледждің ғылыми-зерттеу, экспериментальдық, шығармашылық жұмысына қатысуға, барлық мәдени жобалар түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға қатысып, өз жетістіктерін жариялауға және өзін-өзі дамытуға құлшынысы артады.