16.09.2024
2024 жылдың 13 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Шетел тілі» мен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының кезекті отырысы өтті. Кафедрада төмендегі мәселер талқыланды:
1. 2024-2025 оқу жылының І курс студенттері үшін оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;
2. Teachcollege.kz сайтына оқу әдістемелік кешендерді салу, дедлайн жариялау;
3. Түлектердің ғылыми бағытын шыңдау мақсатында дипломдық жұмыстар мен курстық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну және бекіту.
Сондай-ақ кафедралардың ұйымдастыруымен өткізілетін дәстүрлі VI республикалық ғылыми практикалық конференциясында цифрландыру бағытын ұсыну мәселелері қарастырылды.