Текст
2020 жылдың 12-15 қараша аралығында халықаралық студенттер күні қарсаңында «Мен студентпін!» online-марафоны өтуде. 1 курс студенттері арасында «Менің тобым» топтардың таныстырылымы, «Мен таңдаған мамандық» челленджі, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және колледж тарихына арналған сұрақтар бойынша колледжішілік викторина ұйымдастырылуда. Колледжге биыл қабылданған студенттер арасында өткізіліп жатқан іс-шара ерекше ықыласпен, дайындықпен жасалған топ таныстырылымдары қабылданды. Үздік жұмыстар 17 қараша күні «Студент қатарына қабылдау» кешінде марапатталатын болады.