АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ұстаз болу – күллі әлемге білім мен тәрбиенің нұрын шашу» тақырыбында қорытынды конференция өтті

05.11.2020
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек – 31 қазан аралығында 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ФБ-41, ФБ-42, ФБ-43 топтарында өткізілген байқау практикасының негізінде «Ұстаз болу – күллі әлемге білім мен тәрбиенің нұрын шашу» тақырыбындағы қорытынды конференциясы өтті. ZOOM платформасы арқылы өткізілген конференцияға кафедра оқытушылары, практика әдіскерлері қатысты.
Конференция Филология бөлімінің оқытушысы Г.Серкешбаеваның алғы сөзімен, болашақ ұстаздарға деген ыстық лебізімен басталды. Конференция барысында Филология бөлімінің студенті Серікбай Айгүл «Балапан» телеарнасы арқылы жүргізілген сабақтарға талдау жұмыстары бойынша сөз сөйледі. ФБ-41 тобының студенті Танкаева Аяжан қашықтықтан білім беру жүйесінде сабақ жоспарларын құру, оның ерекшеліктеріне тоқталса, Менжасарова Аиза практика барысында жасалған сыныптан тыс жұмыс пен тәрбие сағаттарын таныстырып өтті. Онлайн жүйедегі байқау практикасында студенттер тарапынан жасалған бейнесабақтар негізінде Ноярбеков Нұрсұлтан, байқау практикасын жинақтау барысында жүргізген жұмыс түрлері негізінде жасалған электронды портфолио бойынша Бақтиярова Гүлнәр өз жұмыстарын қорғап шықты. Онлайн форматта өткізіліп отырған байқау практикасының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшін тұстары бойынша Ақмағамбетова Ақниет, Табыс Аймерей өз ойларын ортаға салды. Конференция барысында студенттер байқау практикасында алған тәжірибелерімен бөлісе отырып, қашықтықтан білім беру жүйесінің ерекшеліктері бойынша талқылау жұмыстарын жүргізді.
 
 
Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст