Текст
2020 жылдың 03 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Филология бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес Көкшетау қаласы №22 орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушыларымен мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Болашаққа бізбен бірге» атты онлайн-конференция ұйымдастырылды. Онлайн конференцияға Филология бөлімінің меңгерушісі Ә.Қажақпар және Филология бөлімінің оқытушысы К.Абиева және аталған мектептен сынып жетекшілері мен оқушылар қатысты. Конференция барысында колледж жайында толық ақпарат беріліп, Филология бөлімі жайында бейнеролик ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.