АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ағылшын бөлімінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Using new teaching methods and technologies» тақырыбында 3 және 4 курс студенттеріне арналған вебинар өтті. Мақсаты – педагогикалық практикадан табысты өту үшін студенттерді онлайн форматта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен, оқыту платформаларымен таныстыру, тәжірибемен бөлісу. Вебинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Инновациялық технологиялар және әдістеме кафедрасының аға оқытушысы Кабдушева Әлия Жұмаділқызы, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері Тұрғынбаева Балғын Қауқарқызы және Табарак Назым Иранқызы, «Шет тілі» кафедрасының оқытушысы Ехсанова Жулдыз Абдрахымқызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға қатысқан студенттер мен оқытушыларға сертификат берілді. Вебинар қатысушылары Кабдушева Әлия Жұмаділқызы, Тұрғынбаева Балғын Қауқарқызы және Табарак Назым Иранқызына алғысымызды білдіреміз.