АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 23 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жеке тұлға бойында зияткерлік пен ізгілік қасиеттерді қалыптастыруда ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен онлайн конференция өтті. Бағдарламаға сәйкес директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс «Кәсіби білім кеңістігіндегі еңселі орда» атты баяндамасында 2020-2021 оқу жылындағы колледж жетістіктермен таныстырып өтті. Колледж директоры Н.Ахат алғы сөзінде қашықтықтан білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерге тоқталды. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжан «Кәсіби білім беруде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс студенттердің әлеуметтендіру бағытында колледжде атқарылатын тәрбие жұмыстарымен таныстырып өтті. Колледж медбикесі М.Серкешова «Коронавирустық инфекцияның алдын алу жолдары», педагог-психолог Р.Әшірбекова «Жасөспірімдердің өміріндегі отбасының рөліне» арналған баяндамаларын оқыды. 1 курс ата-аналарымен ұйымдастырылған онлайн-конференция соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Ата-аналар тарапынан колледж оқытушыларына деген ыстық лебіздері айтылды. 26, 27 қазан күндері әр топ ата-аналарымен жеке онлайн-жиналыстар өткізіледі. Кураторлар мен бөлім меңгерушілері тарапынан әр студентпен жеке жұмыс барысында туындаған мәселелер, сабақ үлгерімі таныстырылады.