Текст
2024 жылдың 29 тамыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде І курс ата-аналарының қатысуымен онлайн жиналыс өтті. Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы алғы сөзінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің ерекшеліктерін айтып өтіп, шәкіртақы, оқу процесі жөнінде мағлұмат берді. Ал тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы Студенттер үйіне орналасу, әлеуметтік көмек бойынша толық ақпараттандырды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.