АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жыл 28 қыркүйек - 2 қазан аралығында Халықаралық Қарттар күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар аясында ұстаздықтың ұлы жолында ұзақ жылдар бойы тынымсыз жұмыс істеген және халық пен елдің мүддесіне өмірлерін арнаған еңбек ардагерлеріне бейнеқұттықтаулар мен ашық хаттар жолданды.
Тәрбиелі ұлт, дамыған ұлт өз қариясын сыйлап, үлгі тұтқан және мол тәжірибесінен тәлім алған. «Қариясы бардың – қазынасы бар» деген сөз де бекер айтылмаған. Дәстүр бойынша ардагерлерді құрметтеп, жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мақсатында тәрбие бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес Бастауыш мектеп, Информатика бөлімі студенттері арасында «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Музыка бөлімінің студенттері «Мен және менің ата-әжем» атты фотокросс, Мектепке дейінгі бөлім, Дене мәдениеті бөлімі арасында «Менің жылдарым – менің қазынам» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ардақты да, асыл қазынамыз – қарттарымызды сыйлау, құрмет тұту өскелең ұрпақ үшін парыз.