19.08.2024
2024 жылдың 15 тамыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының «Техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру» секциясы өтті. Негізгі мақсат – колледждерде жасанды интеллектті дамыту және қолданудың өзекті мәселелерін талқылау, білім беру процесінде жасанды интелектті қолдану тәжірибесін енгізу. Диалог алаңында Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің бөлім басшысы Галиакбарова Когершин Болатовна модератор, Ақмола облысы колледждерінің директорлар Кеңесінің төрағасы Мұхамедияр Саян Болатұлы сомодератор қызметін атқарды. Аталмыш секцияға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары жиналды. Қатысушылар колледжге экскурсия жасап, құзыреттілік орталықтарымен танысты, жетістіктер көрмесін тамашалады. Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің бөлім басшысы Галиакбарова Когершин Болатовна қатысушыларға ізгі лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына жаңа шабыт, жарқын идиялар тіледі. Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің басшысы Бегайдаров Ерлан Бегайдарович кәсіптік білім берудегі цифрлық технологияларды дамыту перспективалары жайында ой өрбітсе, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің басшысы Тюлебаев Аскербек Жамантаевич «Управление образовательным процессом в условиях цифровизации» тақырыбында баяндама қорғады. Сонымен қатар Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі Оспанов Арман Даулетханович «Цифрлық трансформация – аграрлық колледжде оқытудың тиімділігін арттыру», Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Жигарь Владимир Григорьевич «Цифровизация образовательного процесса при подготовке специалистов, востребованных на современном рынке труда», Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі басшысының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы мен ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Цифрлы дидактика – заманауи педагогтің құралы» тақырыптарында талқылау жүргізді. Іс-шара соңында секциялық жұмыстың қорытындысын шығарылды.