АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Секел Жанарбек – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің IV курс студенті. Мақсаты – «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қағиданы ұстанып, ана тілінің қадір-қасиетін, ұлылығын насихаттайтын ұстаздықтың ұлы жолына түсу. Осы мақсатта жеткен жетістіктер мен алаған асулары да баршылық. Филология бөлімінің үздік студенттерінің бірі болумен қатар Көкшетау қаласына аты мәлім, артынан өшпес мол мұра қалдырған Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті. «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форумы аясында өткізілген мүшәйрасының, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының жүлдегері, 2018 жылы республикалық «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Мектеп қабырғасынан бастап қыл қаламды жанына серік етіп, поэзия әлеміне және ұлттық өнеріміз айтысқа да бет бұрып келеді. Өзін жастар арасында ұлттық тіл мен ұлттық дәстүрді насихаттауға арналған колледж, қалалық көлемдегі іс-шаралардың ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы ретінде танытып келеді.
Секел Жанарбекке "ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" жобасында сәттілік тілейміз!