АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Тіл шебері – 2020» колледжішілік сайысы

21.09.2020

2020 жыл 14 қыркүйек күні «Тілдер күні» мерекесіне орай Ж.Мусин атындағы Көшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ағылшын бөлімінің 4 курс студенттері арасында «Тіл шебері 2020» колледжішілік сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау; тіл мәдениетін көтеру; үштілділікті насихаттау. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Елтаным»  кезеңі бойынша студенттер қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары бойынша экранда көрсетілген сурет негізінде өз ойларын үш тілде жеткізді. Әр тілде айтылатын ой қайталанбауы керек деген қағидатты ұстанған қатысушылар үш тілде өз ойларын толық жеткізе алатындығын көрсетті. «Сөзтаным» атты екінші кезеңде экранда көрсетілген сөйлемдерді оқып, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын жылдам, әрі мүдірмей айту бойынша жарысқа түсті.

Сайыс жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды А-41 тобының студенті Каптаева Карина, ІІ орынды А-42 тобының студенті Даргенова Айғаным, ІІІ орынды А-41 тобының студенті Қабдыл Мағжан және А-42 тобының студенті Жаналиева Тұмар иеленді. Сайыс жеңімпазы және жүлдегерлері арнайы дипломдармен, ал қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст