АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылы 18 қыркүйекте оқу орнына жаңадан қабылданған оқытушыларға арналған «Колледждегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның мақсаты – кәсіби білім беруде білім бағдарламалары мен оқу-жұмыс жоспарлары негізінде сабақ жоспарын құрастыру, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәннің оқу әдістемелік кешенін әзірлеуде әдіснамалық көмек көрсету. Отырыстың алғы сөзінде колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы жас мамандардың кәсіби-тұлғалық жетілуіне барлық жағдайлар жасалып, ғылыми-әдіснамалық көмек көрсетілетінін айтып кетті. Семинардың теориялық бөлімінде спикерлер колледжде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерімен таныстырып өтті. Атап айтсақ, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжан оқу орнының стратегиялық даму бағдарламасымен, кешенді жұмыс жоспарымен, және ISO 9001:2015/ҚР СТ ISO 9001:2016 стандарттары бойынша колледждегі жүйелілік менеджмент құжаттамасы жайында сөз сөйледі. Сондай-ақ, семинар-практикум барысында кәсіби білім беруде білім бағдарламалары мен оқу жоспарларын жүзеге асыру, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін қадағалау, CollegеSmartnation, Platonus платформаларындағы жұмыс жүйесінің ерекшеліктері, жүйелілік менеджмент бойынша топ жетекшілерінің құжаттамасын жүргізу, кәсіптік практиканың мақсат-міндеттері, қашықтықтан ұйымдастырылатын практика жұмысын қадағалау, пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша әдістемелік нұсқау секілді маңызды мәселелер талқыланды. Семинар-практикумның екінші бөлімінде жаңадан қабылданған оқытушылар «Модульдің оқыту нәтижесі мен бағалау критерийлері», «ҚР БжҒМ 6.04.2020 ж. №130 бұйрығына сәйкес сабақ жоспарын әзірлеу» тақырыптарын практикалық тұрғыдан талдауға қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Іс-шара барысында жас мамандарға тренингтер жүргізіліп, жадынама таратылды. Семинар-практикум соңындағы кері байланыста оқытушылар өздерінің бүгінгі отырыстан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.