18.09.2020
«Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» атты тілдер декадасы аясында Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының екінші курс студенттері арасында топ жетекшісі Г.Балдыкованың ұйымдастыруымен "Тіл – ұлттың жаны" атты зияткерлік ойын сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – Мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қатысушылардың білімге деген құштарлықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру, елімізді, ана тілімізді, Отанымызды сүюге тәрбиелеу.
Онлайн-сабақ барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, екі топқа бөлінген студенттер тақырыпқа байланысты тілдің ұлт өміріндегі рөлін айқындады. Сабақ теориялық және әдістемелік жағынан оқытушының студенттерді үнемі белсендіру әдістерімен ерекшеленді және жоғары деңгейде өтті.