18.09.2020
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикалық «Біз – Абай жолындамыз» онлайн эссе байқауын өткізді.
Байқауға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің студенттері де қатысып жүлделі орындардан көріне білді. Байқау шарты бойынша қазақтың заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып шығып, қорытынды кезеңде қатысушылар «Абай жолы» романы негізінде «Атаның ұлы емес, елінің ұлы» тақырыбында шағын эссе жазды. Бұл кезеңде Zoom мобильдік қосымшасы арқылы Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығының вебинарына қосылып өз жазбаларын оқыды. Нәтижесінде тілінің көркемдігімен өзгеден ерек көрінген үздіктер қатарынан студентіміз Серікбай Айгүл екінші орынды, Кәмила Қанатай, Томирис Райхан үшінші орынды қанжығаға байлады. Сондай-ақ, қаламгерлік өнерімен қазылар алқасының көңілінен шыға білген Филология бөлімінің студенттері Гүлзат Болатова, Аяжан Танкаевалар да жүлдеден шет қалмады.