Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай 7-16 қыркүйек аралығында тілдер мерекесінің онкүндігі өтуде. «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» атты тілдер декадасы аясында колледжіміздегі өзге ұлт өкілдерімен «Тіл – достық құралы» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Басты мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында міндеттелген қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарды үлгі ету, сондай-ақ олардың қатарын көбейту.
Тіл – ұлттың асыл мұрасы. Ұлт мұрасын ұлықтау мақсатында филология бөлімінің студенттері арасында «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» тақырыбында эссе байқауы өтті. Тіл құдіретін, қасиетін шебер суреттеген үздік жұмыстар арнайы марапатталды. ФБ-22ҚБ тобының студенті Мұса Сұлтанның жұмысы бірінші орынға лайықты деп танылды. Екінші орынды ФБ-22 тобының студенті Аханова Ділнұр, үшінші орынды ФБ-32ҚБ тобының студенті Серікова Айдана иеленді.
Мемлекеттігіміздің негізі болған тілімізді бүгінгі жастар арасында насихаттау, ұлықтау – ұлт болашағының кепілі.