АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНА - НЫҚ ҚАДАММЕН!

02.09.2020
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов «Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет» деп айтқандай, ғылым кеңістігіне бет бұрған тұлғалар қашанда сый-құрметке лайық.
Колледж оқытушысы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан педагогтер қауымдастығының «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, «Педагогикалық іс-әрекетті жобалау» оқу құралының авторы, «Үздік педагог-2019» Республикалық байқауының Гран-при жеңімпазы – Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты атанды. Оқу орнымыздың ғалымдары қатарына тағы бір докторанттың қосылуы – колледжіміз үшін үлкен мерей!
Бақытгүл Ерғалиқызы – өзінің тың тұжырымдары мен тыңғылықты зерттеу жұмыстары арқылы педагогика ғылымының өзекті мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, студенттерін де соған баулып жүрген ұлағатты ұстаз.
Білімділігі мен табандылығының арқасында үздіксіз білім беру жүйесінің ең жоғарғы сатысы – докторантурада педагогика ғылымының көкжиегін зерделеуді мақсат тұтқан оқытушымызға сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шығармашылық табыс тілейміз.
Колледжіміздің магистрлері мен PhD докторларының санын арттыру оқу орнымыздың Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында нақты айқындалып көрсетілген. Бұл орайда, колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұртас Ахатұлы оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, оқулық жазумен айналысуын қаржыландыруға айрықша көңіл бөледі.
Алдағы уақытта колледжіміздің ғылыми-зерттеушілік қызметін одан ары жетілдіру, білім беру мен ғылымды цифрландыру, педагогтер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобаларын халықаралық деңгейге көтеру, сонымен қатар, оның тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Сондықтан, алдағы уақытта да осындай өрелі іс өз жалғасын табатынына кәміл сенімдіміз.
Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст