АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

1 қыркүйек – Білім күні!

02.09.2020
2020 жылдың 1 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Егемен еліміздің ертеңі – жас буын, бірінші курс студенттерінің қатысуымен өткен Білім күні онлайн форматта аталып өтілді. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Н.Ахат өзінің құттықтау сөзімен ашып, білім беру ордасында білікті кәсіби мамандар даярлау үшін барлық жағдайдың жасалғандығын, биылғы жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту жүйесіне колледж толық дайын екендігін атап өтті. Студенттердің ата-аналарына ыстық лебізін жеткізіп, балаларының дұрыс таңдау жасағандары үшін өз ризашылығын білдірді. 2020-2021 оқу жылында оқытушылар мен студенттер қауымына сәттілік, жаңа жетістіктер тіледі. Келесі сөз кезегінде директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рақымжанова колледждің оқу-тәрбие процесі бойынша ақпараттармен бөлісіп, қашықтықтан оқыту жағдайында қолданылатын платформалармен таныстырып өтті. Ата-аналар, оқуға түскен студенттер тарапынан құттықтау сөздер айтылды.
Салтанатты шарадан соң І курс табалдырығын аттаған студенттер өз факультеттері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына арналған онлайн тәрбие сағаттарына қатысты.
Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст