АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі филология бөлімінің студенті Жанибек Дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА, ТАЛАП ҚЫЛ АРТЫҚ БІЛУГЕ...» атты республикалық Абай оқуларының жеңімпазы атанды. Байқау Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткізілді. Жетекшісі: Рахимова Айсулу Сенбиевна.
Жанибек Дана «BILIM-O’RKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен байқаудың екі кезеңінен де сүрінбей өтіп, I дәрежелі диплом иегері атанды. «Әділдік» тақырыбында жазылған мақаласы «ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА, ТАЛАП ҚЫЛ АРТЫҚ БІЛУГЕ...» атты республикалық байқауының материалдар жинағына еніп, «Абай Құнанбайұлы төсбелгішесі» төсбелгісімен марапатталды және куәлігі берілді.
Жанибек Дананы республикалық Абай оқуларының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз!