27.06.2024
2024 жылдың 26 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №5 педагогикалық кеңес өтті. Қорытынды педагогикалық кеңеске ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің директоры Мұхамбетов Әсет Ғарифуллейович қатысты. Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы, ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы және «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік төрағасының орынбасары 2023-2024 оқу жылына арналған колледждің кешенді білім бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді. Сондай-ақ колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмысын бағалау нәтижелерімен бөлісті. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы 2024-2025 жаңа оқу жылының мәселелерін талқылап, «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» педагогтердің республикалық Тамыз Саммитін өткізу тұжырымдамасы туралы сөз қозғады. Педагогикалық кеңес соңында ұсыныстар айтылып, сарапқа салынып, қаулы қабылданды.