Текст
2 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде «Салауатты өмір салты маңыздылығы» тақырыбында Ақмола облысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының валеолог маманы Кульбаева Айнур Еребекқызы кездесу өткізді. Бұл кездесу барысында ерте жүктілік, дұрыс тамақтану, семіздік, жеке бас гигиенасы тақырыптары жайында сөз қозғалды. Студенттер аталған тақырыпта өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.