АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
18 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» атты семинар өтті. Мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен танысу, мақсаттары арқылы болашақ мамандарға ақпарат беру, тәжірбие алмасу. Ал, міндеттері: бастауыш сынып мұғалімдері студенттерге жаңа білім беру жүйесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету. Семинарға М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері, арнайы пән оқытушылары, бастауыш мектеп бөлімінің студенттері (ІІІ-ІV курс) қатысты. Семинардың ұйымдастырушы модераторлары: Қ. Мұқышева, Г.Шәкіржанова. Семинар барысында бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі Қ.Мұқышева Бастауыш мектеп бөлімінің мақсат, міндеттерімен таныстырды. «Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мақсаттары» тақырыбында 1-сынып мұғалімдері Г.Құрманова, Қ.Шаяхметова баяндама оқыды. «Жаңартылған білім беру мазмұнының салыстырмалы ерекшеліктері» тақырыбымен Ө.Төлеген сөз сөйледі. «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқулықтар» тақырыбында Г.Шәкіржанова пікірталас формасында қызықты пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.