Текст
16-19 ақпан аралығында Ақмола облысы Степногор қаласының №2 құрылыс-техникалық колледжі базасында «Намыс» спартакиадасы аясында пневматикалық винтовкадан ату бойынша «Мерген-2017» облыстық жарысы өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 17 команда қатысты. Үш күндік сайыс қорытындысы бойынша біздің колледж жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленді. Ал ұлдар құрамасы ІІІ орынға ие болса, информатика бөлімінің ІІ курс студенті Тасболат Ғасырбек 690 ұпаймен ІІІ орынды иеленді.