24 ақпан күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжді салтанат залында филология бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жанайдар Мусин атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға Көкшетау қаласындағы барлық орта мектептерден 25 оқушы қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезең – Көкше еліне танымал ақындардың шығармашылығынан поэзия оқу, ал ІІ кезең – Ж.Мусиннің прозасынан үзінді оқу. Байқау нәтижесі бойынша І орынды №18 орта мектептің оқушысы Сермаганбетова Мақпал, ІІ орынды №3 Красный яр көпсалалы мектеп-гимназиясы оқушысы Абдосов Әбден, №3 М.Ғабдуллин атындағы көптілде оқытылатын метеп-гимназиясы оқушысы Жантаева Меруерт, ал ІІІ орынды Красный яр көпсалалы мектеп-гимназиясы оқушысы Таупық Серікбол, №1 орта мектеп-гимназиясы оқушысы Қабдыл Әйгерім иеленді.