Текст
Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні «»Қоғамдық келісім» КМК базасында «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Прекрасное из глубины веков» тақырыбында конкурс өтті. Конкурсқа Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінен технология және бейнелеу өнері әдістемесі пәндерінің оқытушысы Г.Әміржанова бастауыш мектеп бөлімінің студенттерімен қатысты. Конкурс міндеті бойынша әр қатысушы бір ұлттың этно костюмін жасау болып табылса, Гүлмира Қайржанқызы студенттерімен башқұрт халқының өлшемі 44-50 болатын ұлттық костюмін дайындап, жүлделі ІІ орынға ие болды. Студенттер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.