Текст
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі музыка бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен 3 наурыз күні "Шырқа сырнай!" тақырыбында музыка бөлімінің студенттері арасында ауқымды конкурстық жоба өтті. Конкурсқа директордың ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары А.Бейсембина, музыка пәнінің оқытушылары Қ.Бешімов, С.Тасмұқанбетов, С.Абдрахманова, А.Ходжакулыев төрағалық етті. Конкурс қызықты әрі тартымды түрде өтті. Конкурс нәтижесі бойынша ІІІ орын Д.Муқанмедияр, А.Құбаш, ІІ орын Ұ.Ағайдар, А.Қошанова, І орын 1 курс студенті Н.Жүніс иеленді.