АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес 2016 жылда «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК-да 6 түрде мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру – 409
2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 24
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау – 607
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру – 38
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 25
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау - 0
2016 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес колледжде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылатынын атап өткен жөн.
Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушілер тарапынан БАҚ, колледж сайтында, интернет-ресурстарының құралдары арқылы беріледі. Колледждің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Колледждің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері орналастырылған. 2016 жылға колледж мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша газеттерде және өзге баспа басылымдарда 1 мақала жарияланды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында колледждің 8-7162-72-13-46 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда. Ж.Мусин атынлағы педагогикалық колледжінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, мәжіліс, дөңгелек үстел, ата-аналар жиналысы, ашық есіктер күні) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі. Колледж тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі жүргізіледі. 2016 жылы колледж мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ. Бүгінгі күні колледж мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету және жақсарту бойынша жан- жақты жұмыстар жүргізіледі, мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімдігін және сапасының ажырамас бөлігі болып табылатын білім беру жүйесін модернизациялау бойынша жұмыс жүргізіледі. 2017 жылы колледж ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.