Текст
31 наурыз күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, филология бөлімінің меңгерушісі Рахимова Айсұлу Сенбіқызының 50 жасқа толу мерейтойын атап өтті. Филология бөлімінің оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік кешті өз құттықтау сөзімен колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ПҒА корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы бастап, Айсұлу Сенбіқызын осынау мерейлі де шуақты күнімен құттықтады және де көп жылдық еңбегі үшін Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар жақын туыстары мен кәсіподақ комитеті және де әріптестері жылы лебіздерін білдірді.