Текст
05.04.2017
4 сәуір күні Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде «Ақмола облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу» орталығының маманы Төребаев Шортанбай Жартайұлы «Сақтан, ұрпақ, ЖИТС деген қатерден!» атты 1-2 курс студенттеріне арнап дәріс оқыды. Лекция барысында «АИТВ мен ЖИТС айырмашылығы», «АИТВ және ЖИТС қалай жұғады», «АИТВ және ЖИТС белгілері қандай» тақырыптары жайлы сөз қозғалды. Студенттер аталған мәселеде өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.