13.04.2017
11 сәуір күні дәстүрлі түрде өткізілетін "Ақмола жұлдыздары" көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауға Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің шығармашылық өнер ұжымы "Қуатты Қазақстан - баянды болашақ" тақырыбында ұйымдастырылған бағдарламасымен қатысты. Концерт тақырыбы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне, ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Концертте "Этюд" баянистер ансамблі, "Самғау" студенттердің біріккен хоры, "Наркескен" ерлер хоры, "Назерке" камералық хоры, "Шабыт" домбырашылар ансамблі, "Жас дәурен" квинтеті, "Ұландар" хоры, "Мерей" би ансамблі, "Легато", "Тұран" триосы, "All that jazz" және Мәрзия Қағазбек, Салтанат Абдрахманова өнер көрсетті. Қазылар алқасы өз тараптарынан колледжіміздің шығармашылық ұжымы мен колледж басшысы Ахат Нұртас Ахатұлына алғыстарын білдірді. Құттықтаймыз!