Текст
18.04.2017
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дмыту бөлімі 2017 жылдың 18 сәуірі күні қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілді білгірлерінің қалалық байқауын өткізді. Байқау мақсаты: қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту, оқуға ынталандыру, дарынды жастарды анықтау. Осыған орай, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінен Арман Ермахан, Талапкерова Аружан қатысып, Арман алғыс хатпен, ал Аружан ІІ орынмен марапатталды (жетекшісі: Г.Искакова). Жалпы байқау 4 турдан тұрды. Аружанды жеңісімен құттықтаймыз!