АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН

07.06.2024

2024 жылдың 6,7 маусым күндері  01140200 - «Дене тәрбиесі және спорт»,  5AB01140201 - «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша білім алатын  ДМ-42 ҚБ тобында  қорытынды аттестаттау емтихандары өтті. Емтихан екі тәуелсіз модульден тұрады. Модульдерді орындау барысында студенттер «Гимнастика және оны оқыту әдістемесі», «Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» және «Спорттық ойындар және оны оқыту әдістемесі» салалары бойынша мектеп жасындағы білім алушылар үшін дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлімі мен дене шынықтыру-сауықтыру қызметі шеңберінде шеберлік сыныптарын әзірлеп,  сабақ пен шеберлік сынып өткізу іскерліктерін көрсетті.  Емтихан тапсырмасы білім алушыларға кәсіби білімі, іскерлігі, дағдысы бар және қойылған міндеттерді шығармашылықпен шеше алатын болашақ маман ретінде көрінуге мүмкіндік берді. Қорытынды аттестаттау емтихандарының комиссия мүшелері «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі"   коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Маулитов Кенжетай Жамбылұлы мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау унииверситетінің «Педагогикалық институт факультеті», "Шығармашылық және спорт" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Ахметов Қайрат Тілекұлы қатысты.  Бітіруші ДМ-42 ҚБ тобының студенттеріне алдағы  емтихандарын сәтті тапсыруларына тілектеспіз!

Просмотров: 1092


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст