Текст
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басшылығы бекіткен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша жұмыс тобының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 4 мамырында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша үштілді білім берудегі өзекті мәселелер» атты пікірталас алаңы өткізілді. Іс-шараға қалалық бастауыш сынып әдіскері, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы, №19, №13 «Экос» экологиялық гимназия, № 21, № 11 мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, Назарбаев зияткерлік мектебі, ағылшын тілінің мұғалімдері пікірталас алаңына қатысып, ой-пікір, ұсыныстарын білдірді.