АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі базасында 12 мамыр күні Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасындағы облыстық «Үздік педагог-2017» конкурсының ІІІ кезеңі мен қорытынды кезеңі өтті. Сонымен қатар қазылар алқасы қатысушылардың 20 минуттық сабақ фрагменттеріне қатысып, оларды бағалады. Салтанат залында конкурстың нәтижесі жарияланып, Бурабай ауданы, Шучинск қаласы Педагогикалық колледжінің оқытушысы Редько Надежда Сергеевна ІІІ орын, Көкшетау қаласы, №1 Сервистік-техникалық колледжінің оқытушысы Ашимов Даурен Адилханұлы ІІ орын, І орын Бурабай ауданы, Шучинск қаласы Туризм және сервис индустиясы колледжінің оқытушысы Мукушева Гульмира Амангельдықызы марапатталды. Ал, Бас жүлдеге Бурабай ауданы, Шучинск қаласы «Жоғарғы колледж» арнайы пәндер оқытушысы Лазорский Антон Михайлович ие болды. Қазылар алқасы қатысушылар ішінен ерекше көзге түскен оқытушыларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлын облыстық «Үздік педагог - 2017» конкурсының өткізілу барысындағы педагогикалық ұжымның жоғарғы деңгейдегі дайындығы мен студенттердің белсенділігін атап өтіп, алғыс хатпен марапаттады.