Текст
12.06.2017
9 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында Ақмола облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті, Ақмола облысы білім басқармасының қатысуымен "Айбын" әскери-патриоттық клубын Қарағанды облысына қарасты Спасск оқу-жаттығу орталығында өтетін Халықаралық жастар жиынына салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне арналған конференция өтті. 2015 жылы, яғни осдан екі жыл бұрын республикалық жиыннан Айбындықтар ІІ орын иеленген болатын. Биылғы жылы жастар жиынына Қазақстаннан басқа жеті шет мемлекет қатысады. Олай болса, ұл-қыздарымызға сәтттілік серік болсын демекпіз.