Текст
"Айбын" әскери-патриоттық клубының Халықаралық жастар жиынында жақсы нәтиже көрсетуі - команданы дайындауға үлес қосқан тәлімгер жетекшілер мен педагогикалық ұжым еңбегі екені рас. Осыған орай, 19 маусым күні, колледждімізде салтанатты жиын өтіп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде зор үлес қосып келе жатқан колледжіміздің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ахат Нұртас Ахатұлы, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ердігүл Дәдібасқызы, "Айбын" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Орынбек Сағидолда, АӘД пәнінің оқытушысы Мейірбек Мұқатаев "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл" мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.