Текст
Бүгін, 22 маусым күні Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы басталды. Құрылтайға Ақмола облысынан делегат ретінде колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Педагогика Ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі АХАТ НҰРТАС АХАТҰЛЫ қонақ ретінде шақырылды. Құрылтайға әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасының 350 шетелдік өкілі мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастық өкілдері қатысады. 1992 жылдан бері бес жылда бір рет өтетін Құрылтай биыл бесінші рет 22-25 маусым аралығында өткізіледі. Шараның салтанатты ашылуы 23 маусым күні Назарбаев Университетінде бастау алады.