Кітапхана пайдаланушыларының саны – 1 298. Кітапхана қоры– 42 013 дана. Соның ішінде: мемлекеттік тілде – 33 686 дана, орыс тілінде – 5 368 дана, ағылшын тілінде – 2 959 дана кітап қолданылады. Электрондық оқулықтардың саны – 1 060 дана. Кітап қорындағы оқулықтар саны – 1 460 дана, жалпы білім беру бағытындағы пәндерге арналған кітаптар саны – 11 037 дана. Оқу-әдістемелік құралдар – 18 472 дана, әртүрлі әдебиеттер – 11 044 дана. Студенттерді кітаппен қамтамасыз етуде бір білім алушыға шаққанда 38,0%. бірлікті құрайды. Бұл бір білім алушыға шаққанда лицензиялық талаптарға сай келеді. Электрондық басылымдар – 56, жаздырып алынған мерзімді басылымдардың саны – 84, жаңа әдебиеттердің түсімі – 6 876, осы кітапхананың жиынтық қорына шаққанда жаңа әдебиеттің пайызы – 16 %.