Ағымдағы жылдың 30 маусым және 2 шілде аралығында Ақмола облысы білім беру қызметкерлері арасында XVIІ облыстық «Ұстаз -2017» спартакиадасы Зеренді ауданының Чаглинка ауылындағы Агробизнес колледжінің базасында өтті. Облыстық спартакиадаға Ақмола облысының оң жеті ауданнан және екі қаласынан жалпы 26 команда, 400-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері қатысты. Жарыс спорттың жеті түрінен өтті: тоғыз құмалақ, волейбол, городок спорты, шашки, үстел теннисі, шахмат ойыны, атыс. Жалпы командалық есепте Ахат Нұртас Ахатұлы бастаған Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылардан құралған құрама командасы І орынды иеленді. Команда мүшелерін және колледж ұжымын осынау жеңістерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз. Құттықтаймыз!!!