АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Байқау практикасы бойынша үлгі сабақтар

12.10.2017

Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің ФБ-41 тобының студенттері  4-ші қыркүйектен 21-ші қазан аралығында Көкшетау қаласында №2 мектеп-лицейінде байқау практикасынан өтуде. Жоспарға сәйкес іс-тәжірибеден өту барысында үлгі сабақтар ұйымдастыру кестесі құрылып, бекітілді. Бекітілген жоспарға сай аталған топтың студенті  Әмірбек Мөлдір  5 «ә» сыныбында жаңартылған білім беру мазмұны негізінде «Қазіргі сән» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты қазақ халқының ұлттық киім мәдениетімен қазіргі киім үлгісін салыстыра отырып оқушыларға киім кию мәдениетін түсіндіру болды. Сабақ барысында машықкер оқушыларды топқа бөлу кезінде «Ең.Ең» әдісі сондай-ақ «Мозаика» әдісі, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, «Желкенді кеме» әдістерін тиімді қолданыла білді. Сабаққа №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен колледжден әдіскерлер және ФБ-41 тобының студенттері қатысты. Мөлдір сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, сыныптағы оқушыларды  шеберлікпен ұйымдастыра отырып, сапалы, әрі жоғары деңгейдегі сабақты көрсете білді.

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст