АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің ФБ-41 тобының студенттері 4-ші қыркүйектен 21-ші қазан аралығында Көкшетау қаласында, №2 мектеп-лицейінде байқау практикасынан өтуде. Жоспарға сәйкес іс-тәжірибеден өту барысында үлгі сабақтар ұйымдастыру кестесі құрылып, бекітілді. Бекітілген жоспарға сай аталған топтың студенті Муратхан Нұрсұлу 7 «ә» сыныбында жаңартылған білім беру мазмұны негізінде «Жиембет жырау. Еңсегей бойлы Ер Есім» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау, шығармадағы көркемдегіш құралдардың (қайталау түрлері: аллитерация, ассонанс, теңеу) қолданысын талдау болды. Сыныпты ұйымдастыру барысында машықкер сыныптағы оқушыларды «жыраутанушылар», «жыршытанушылар» деп екі топқа бөліп түрлі жұмыстар жасады. Атап айтар болсақ, «өрмекші торы» әдісі арқылы 4 оқушы жырау мен жыршының айырмашылығын анықтау үшін бір-біріне сұрақтар қойды. Перфокартамен жұмыс жасады. Домбырадағы сұрақтар «сұрақтар тізбегі» карточкамен жұмыс, интербелсенді тақта арқылы бейне материал тамашалау, шығармашылық жұмыс «Жиембет» сөзіне өлең шығару, «дәстүрлер жалғастығы» аудио материал тыңдау, «батаменен ел көгерер» электронды қаламмен әрбір топша жұмыс түрлерін жасады. Сабақтың соңында марапаттау мақсатында 1-топқа «Жыраутанушыларға» - Назым сөздің шебері белгішесі, 2-топқа «Жыршытанушыларға» - Күміс көмей белгішесі берілді. Сабаққа №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Курманова Камар Нұрмухамбетқызы, колледжден әдіскер Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағанбетқызы, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Мұқышева Қаракөз Серікқызы және ФБ-41 тобының студенттері қатысты. Нұрсұлу сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, сыныптағы оқушыларды шеберлікпен ұйымдастыра отырып, сапалы, әрі жоғары деңгейдегі сабақты көрсете білді.