АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2017 жылдың 12 қазанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде педагогика ғылымдарының магистірі Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы және педагогика және психология білім беру магистірі Мұқышева Нұргүл Серікқызының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласына саяхатқа шықтық.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, өлкеміздің өнеркәсібі, этнографиялық бұйымдардан тұратын 1000-нан астам экспонатты көріп, ой-санамызды кеңейтіп, тарихи тұлғалардың өмірбаянымен танысып қайттық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қыр-тасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әр өңірдің жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелері бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»- дегендей біз де өз өлкемізді танып білуіміз керек екендігіне көзіміз жетті. Осы саяхатбарысында алған әсерлерімізді төмендегідей пікір, өлең жолдары арқылы білдіреміз.
Бүгінгі саяхаттан алған әсерім өте керемет!
Мен бүгінгі саяхатымызды «Өткенге саяхат» - деп атар едім. Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Мұражайда тұнып тұрған байлықтар өте көп екен. Көкшетау қаласының құрылуы, сол кездегі батырларымыздың, ақын-жазушыларымыздың ескерткіштерін көріп, жүрегім бір тебіреніп қалды.
Олардың қолданған заттарын, еңбектерін өз көзімізбен көріп, ұстап қуанышқа бөлендік. Мұражайдан шыққаннан кейін қаламыздың ескерткіштеріне бардық. Олардың да тарихымен таныстық. Қаланы толығымен аралап шықтық десем де болады. Бұл саяхаттан осынша керемет әсер аламын деп күтпедім. Бүгінгі күнім ертегідей өтті. Себебі, көп білім, ілім үйрендім деп есептеймін. Қаламызда осынша байлықтың тұнып тұрғанына мақтан етемін! Әрбір студентке өз елін, өз жерін тануға кеңес беремін. «Стена пожеланий», «Көкшетау в сердце моем» - деген тақтаға өзіміздің БМ-23 ҚБ тобын жазып қалдырдық және естелікке суретке түстік. Қорыта келсем бұл саяхат менің рухани баюыма өзіндік үлес қосты. Менде алдағы уақытта міндетті түрде мұражайларға баратын жоспар құрылады. Бұл саяхат үшін барлық ұйымдастырушыларға рахмет айтамын!
Пахрадинова Нарғыз
Туған жердің тарихы
Кел, достарым тарихқа үңілейік,
Тарихымыз қалмасын үңірейіп.
Ата-баба арманын іске асырып,
Жыры болып Отанның төгілейк.
Төле бидің төрелігін айтайық,
Қазыбектей қаз дауысты байқайық.
Әйтекенің әділдігін дәріптеп,
«Тарих» атты сапарға барып қайтайық.
Зерттейік зерттелмеген жерлерді,
Аралайық түркі тектес елдерді.
Түбіміз түркі, жүрегіміз қазақ боп,
Пір тұтайық ұлы батыр, ерлерді.
Ұлы батыр, ойшылдарға ерейік,
Ұлылардың айтқанына сенейік.
Біз де тарих, біз де арман болармыз,
Тарихымызды ұрпаққа айтып берейік.
Тарих жайлы өткеннен дерек іздейік,
Ашылмаған қырлары көп бұл елдің,
Зерттеудің жолында үміт үзбейік!
Жүніс Гаухар
Бізге топ жетекшіміз, Бақытгүл Ерғалиқызы «Құрметті студенттер! Ертең, барлығымыз саяхатқа шығамыз...» деген сәттен бастап, мен сол саяхат жайында көз алдыма небір ғажап табиғаттың әсемдігі, алып-зәулім ғимараттар мен ескерткіштер жайында санама ғажап ойлар келе бастаған еді.
Иә, бұл ойларым жай ғана, ой болып қалмағаны рас. Саяхат барысында, кешегі көз алдыма елестеткен ойлар шынымен де жүзеге асты, ғажап! Мен, Көкшетау қаласын түгелдей дерлік аралап шыққандаймын, әсем көріністер, ғажап ескерткіштер, кешегі заманның тарихын көз алдыма елестете бастадым. Көкшетау мен ойлағанымдай табиғатқа бай жердің бірі екен. Таңданғаным сонша, алған әсерімді қағаз бетіне сөзбен жеткізу оңай болмай отыр....
Игілік Танат