АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің типтік оқу жоспары мен бағдарламаларын өзектендіру мәселелері

14.10.2017

2017 жылы, қазанның 9 жұлдызында  «Кәсіпқор» Холдингі» МЕАҚ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында техникалық және кәсіптік білім беру  мекемелерінің типтік оқу жоспары мен бағдарламаларын өзектендіру мәселелері бойынша дөңгелек стол-семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіби білім беру департаментінің басшылары мен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Дөңгелек стол-семинарда «Кәсіпқор» Холдингі» МЕАҚ-ның басшысы Далабаев Жанат Қуанышбайұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының типтік оқу жоспары мен бағдарламаларын жасаудың әдістемесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Екінші кезекте «Кәсіпқор» Холдингі» МЕАҚ-ның бас менеджері Шарипова Қымбат Қайыркенқызы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының типтік оқу жоспары мен бағдарламаларының макеті» тақырыбында баяндама жасап, жаңартылған үлгідегі типтік оқу жоспары мен бағдарламаларының құрылысын түсіндіріп, талдау жолдарын көрсетті.

Келесі «Кәсіпқор» Холдингі» МЕАҚ-ның бас менеджері Шермағамбетова Айгүл Шаймұратқызы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының жаңартылған типтік оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жүргізудің негізгі кезеңдері» тақырыбында баяндама оқып, эксперттік комиссияның талдау жұмыстарының кезеңдерін түсіндірді.

Дөңгелек стол-семинардың соңына қарай «Холдингі» МЕАҚ-ның бас менеджері Сыздықов Ерке Қалиақбарұлы «Жұмыс берушілер мен оқу әдістемелік бірлестіктерінен құрылған эксперттік комиссияның талдау қорытындыларын рәсімдеу ерекшеліктері» атты баяндамасында жаңартылған үлгідегі типтік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын талдау барысында жасалған қорытындыларды рәсімдеудің жолдарын атап өтті.

Дөңгелек стол-семинардың соңы сұрақ-жауаппен  қорытындыланды.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст