АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы

10.12.2017

9 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқу залында ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қарастырылды. Әдістемелік отырысқа директордың оқу және практика жұмыстары бойынша орынбасарлары Тілек Батырханқызы Сәбитова, Қарагөз Серікқызы Мұқышева сонымен қатар, бөлім меңгерушілері мен кафедра жетекшілері, жас мамандар қатысты. Информатика бөлімінің меңгерушісі А.Бекенова №302 мультимедиялық аудиторияның мүмкіндігімен жас мамандарды таныстырып өтсе, ал, Қ.Шәкіржанов көпфункциялы видеоконференция жүйесінің мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхананың меңгерушісі Қ.Халикова кітапханадағы барлық электронды түрдегі ресурстар туралы, аудио нұсқасы бар кітаптар туралы жас мамандарға ақпарат беріп өтті. Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, төмендегідей қаулы қабылданды: колледждегі мультимедиялық дәрісханалардағы сабақтардың сапалы әрі тиімді өтуін, колледжішілік аудиториялардың сабақ үстінде байланысуын қадағалау. Отырысты директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Бейсембина қорытындылады.

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст