АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Монтессори технологиясы туралы түсінік

14.01.2018

12-қаңтар күні педагогика пәнінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Монтессори- педагог» сертификатының иесі Әмірова Сағира Абзалқызы сырттай оқыту бөлімінің студенттерімен кездесіп, №306 М.Монтессори кабинетінің барлық мүмкіндіктерімен, Монтессори технологиясымен таныстырды: «Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар, балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына толы болды. Ол Италияның тұңғыш әйел - дәрігері. Мария Монтессоридің еркін тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857-1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады».

Просмотров: 753


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст