Текст
Құрметті талапкер, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Музыкалық білім беру» мамандықтары бойынша 9-11 сынып негізінде талапкерлер қабылдайды. Талапкерлер оқуға түсу үшін емтихан тапсырмайды, тек аттестаттың жиынтық конкурстық балы негізінде қабылданады. Құжаттарды egov.kz арқылы электронды түрде немесе қағаз түрінде колледжге тапсыруға болады. 9-сынып түлектері үшін міндетті пән қазақ тілі және екі бейінді пән, ал 11-сынып түлектері үшін міндетті пәндер қазақ тілі, Қазақстан тарихы және екі бейінді пән. «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша бір шығармашылық емтихан (бейне түсірілім арқылы жіберіледі). Байланыс телефондары: 8705 333 14 14