АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

"ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРҒАЛДЫ

31.05.2024
2024 жылдың 30 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 01140200 - «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 5АВ011140401 - "Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры" біліктілігі бойынша 4-курс, яғни ДМ-42 ҚБ тобының студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады. Мемлекеттік атестаттау комиссияның мүшесі – Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің жоғары санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Маулитов Кенжетай Жамбылұлы студенттерге дипломдық жұмыстарды қорғауда сәттілік тілеп, зерттеу жұмыстарын тамашалады.
Жалпы 14 дипломдық жұмыс қорғалды. Атап айтатын болсақ, "Сабақта ұлттық ойындарды қолдану", "Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы", " Дене тәрбиесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында туризмнің алатын орны", "Футбол ойынының техникалық және тактикалық іс-әрекетіне үйрету жаттығуларының ерекшеліктері", "Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру", "Гимнастикалық жаттығуларының адам ағзасына әсер ету шарттары", "Жеңіл атлетика жаттығуларының жіктелуі және сипаттамасы", "Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарын мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде колдану", "Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеудегі және жеңіл атлетиканың алатын рөлі", "Футбол ойынының маңызы және жарыстардың негізгі ережелері", "Ұлттық қозғалмалы ойындар", "Дене тәрбиесі сабағындағы мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің ерекшеліктері", " Өмірге қажетті қимыл іскерлік дағдыларын қалыптастыру", " Білім алушының жалпы дене дайындықтарында спорт ойындарын пайдалану жолдары" атты тақырыптарда жазылып, теориялық және практикалық бөлімдер қамтылды. Әрбір студент тақырыптың мақсатын, өзектілігін аша отырып, зерттеу жұмысының нәтижесін жоба жасау арқылы бекітіп, мемлекеттік атесттатау комиссия мүшелерінің алдында демонстрациялады. Дипломдық жұмыстардың жетекшілеріне толағай табыстар, түлектерімізге сәт сапар тілейміз!
Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст